Текст
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығымен бекітілген «Бірыңғай тәрбие» бағдарламасына сәйкес қыркүйек айы «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы деп аталады. Осыған байланысты 23 қыркүйекте мектепте «Еңбек - түбі береке» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты: білім алушыларды адал еңбекке баулу, қоғамдағы еңбек рөлін түсіндіру және адал табыс пен адал еңбектің маңызын бағалау, оқушылардың бойында адал ниетті, еңбексүйгіштікті, шыдамдылықты тәрбиелеу; адал еңбектің нәтижелері мен игілігін бағалау. Сынып сағаттары барысында арнайы бейнематериалдар, деректі фильмдер көрсетілді. Арнайы тақырыптық слайдтар ұсынылды.