"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Ақтасты ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі      
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Актасты отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области".

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету - Балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау.

26.06.2025

«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Ақтасты ауылының бастауыш мектебі» КММ 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың бірі «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға көрсетілетін қызметті берушіге:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) үйде оқыту бойынша ұсыныммен дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (еркін нысанда);
2) үйде жеке тегін оқуға қабылдау туралы бұйрық.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты нөмірлері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар 8-800-080-7777, 1414

Просмотров: 17

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст