"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Ақтасты ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі      
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Актасты отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области".

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау.

18.12.2025

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы немесе осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес қағаз жеткізгіште өтініш береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә, (бар болса), туған күні, сыныбы, оқу тілі және мектеп атауы (телефоны, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурсы) көрсетіле отырып, білім алушыны бір ұйымнан басқа білім беру ұйымына ауыстыру туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаға көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылады. Көрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіштегі өтінішті қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде келген білім алушыны есепке алу туралы есептен шығару талонын береді «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 263 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - қабылдау туралы есептен шығару талоны) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33330 болып тіркелген) (бұдан әрі - 263 бұйрық). Көрсетілетін қызметті алушы кеткен білім беру ұйымына қабылданғаны туралы есептен шығару талонын 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Қабылдау туралы есептен шығару талонының қолданылу мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған кезде көрсетілетін қызметті алушы білім алушы келетін көрсетілетін қызметті берушіге алынған құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.
Білім беру ұйымдары білім алушыны қабылдау және (немесе) оқудан шығару туралы бұйрықтар шығарады, сондай-ақ белгіленген тәртіп шеңберінде тиісті салыстырып тексеру жүргізеді.

Просмотров: 8

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст