29.12.2025
Қызмет коды-403017. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес портал арқылы немесе қағаз жеткізгіште өтініш береді. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жүгінген жағдайда Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – ТАӘ (бар болса)), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектеп атауы (телефон, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурсы). Хабарламаға көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қол қойылады. Көрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіштегі өтінішті қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде келген білім алушыны есепке алу туралы есептен шығару талонын (бұдан әрі - есептен шығарушы) береді